Түркістан облысында қаңғыбас иттермен күреске 70 млн теңге бөлінген

Azattyq Rýhy

Қаңғыбас иттерге арналған баспана салу жоспарланып отыр

Түркістан облысында қаңғыбас иттермен күреске 70 млн теңге бөлінген
Фото ашық дереккөзден

Түркістан қаласында көптеген жер үйлер сүріліп, ондағы халық көппәтерлі үйлерге көшкелі бері шаһарда қаңғыбас иттердің саны артқан. Бұл мәселемен күресу жолында бюджеттен арнайы қаражат қарастырылыпты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев ОКҚ-да өткен брифинг кезінде қаңғыбас иттермен күресу жұмысы қалай жүзеге асырылатынын айтты.

«Проблема бар. Үкіметтік емес ұйымдар бізге хабарласты. Биыл біз бұл мәселеге бюджеттен 70 млн теңге бөлдік. Түркістан мен Шымкент қалаларының маңайынан қаңғыбас иттерге арналған баспана салуды жоспарлап отырмыз. Арнайы жер бөлеміз. Мен оны қолдаймын. Егер де үкіметтік емес ұйым нақты ұсынысымен келсе, мен олармен келісім үстеліне отырып, бұл проблеманы шешуге дайынмын», - деді Шөкеев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.