$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жойғандар мемлекетке 13 млн теңге шығын келтірді

Сирек кездесетін өсімдіктерге зиян келтіруге байланысты екі жылда 23 оқиға тіркелген

Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жойғандар мемлекетке 13 млн теңге шығын келтірді
Фото: inform.kz

Республика бойынша 2019-2021 жылдары еліміздің Қызыл кітабына енген өсімдіктерге зиян келтіруге байланысты 23 оқиға тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі жоғары өсімдіктерді заңсыз жинау фактілері жиі тіркелетінін атап өтті.

«Мысалы, Қызыл кітапқа енген ағаштың 2020 жылы Алматы қаласындағы дүкеннің алдында кесіліп жатқаны есімізде. Сондай-ақ Түркістан облысындағы сирек кездесетін қызғалдақ түрін тұрғындардың жинағанын да білеміз. Осы ретте, халық қандай өсімдік түрінің Қызыл кітапқа енетінін білмейді. Осы ретте, құзырлы органдар тарапынан түсіндіру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілмей жатыр. Біз әлі күнге дейін «Қызыл кітапты» цифрландыра алмай отырмыз», - деді депутат.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев аталған жағдайлардың рас екенін мойындады.

«Министрлік халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2019-2021 жылдары Қызыл кітапқа енген өсімдіктерге зиян келтіруге қатысты 23 оқиға анықталды. Жалпы шығын көлемі 13 млн теңгені құрады. Жыл сайын аталған мәселеге қатысты қозғалған қылмыс саны кеміп келеді. Алдағы уақытта осы мәселеге қатысты әкімшілік және қылмыстық жазаны күшейту көзделген», - деді С. Брекешов.

Серіктес жаңалықтары