Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

Azattyq Rýhy

Ол Путинді Ресей күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Azattyq Ruhy elbasy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.