Бүгін еліміздің барлық өңірінде жаңбыр жауады
Республиканың оңтүстік аймақтарында өрт қаупі сақталады
Синоптиктер 10 маусым, яғни жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Циклон және онымен байлысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР барлық аумағында жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады. Тек еліміздің батысы, оңтүстігі мен шығысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, солтүстік-шығысы мен батысында бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының түнде батысында, күндіз шығысында бұршақ жауып, күндіз солтүстігі, батысы, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл болады, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл, солтүстігі мен батысында шаңды дауыл болады, таңертең және күндіз солтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстік-шығысында, Алматы облысының шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысында қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.