$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында браконьерлерден 1900 келі балық тәркіленді

Өңірде "Бекіре - 2022" іс-шарасы қорытындыланды

Атырау облысында браконьерлерден 1900  келі балық тәркіленді
фото: atr.kz

Атырау облысы Полиция департаменті «Бекіре-2022» іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап.

Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұрлыбек Өтениязовтың айтуынша, Жайық-Каспий бассейні аумағында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында кең ауқымды «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасына барлығы 231 қызметкер қатысты.

«Жұмылдырылған күштер мен құралдарды ескере отырып, балық өнімдерін заңсыз тасымалдауды анықтау мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда, сондай-ақ Каспий теңізі, Жайық, Қиғаш өзендері жағалауында және облыстың айналма жолдарындағы автокөлік қозғалысын бақылау бойынша 39 мобильдік топ құрылды», – дейді ол.

Сондай-ақ, Жайық өзені жағалауында заңсыз балық аулаудың жолын кесу мақсатында қалалық басқарманың Жедел басқару орталығында орналасқан 19 бейнебақылау камераларымен бақылау жүргізілгеніне тоқталды.

Айта кету керек, іс-шара кезінде 247 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 225 заңсыз балық аулау және балық аулау ережелерін бұзу, 6 балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алу, 16 балық пен балық өнімдерін заңсыз тасымалдау және әкету болды.

Құқық бұзушылардан 1 893 келі балық, оның ішінде 525 келі бекіре тұқымдас балық, 218 әртүрлі балық аулау және екі су көлік құралы тәркіленді.

Ішкі істер органдарымен 3 540 795 теңге көлемінде айыппұл салынып, бүгінгі таңда оның 2 343 195 теңгесі өндірілді.

Серіктес жаңалықтары