$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде бұралқы иттер үй құстарын қырып тастады

Ауыл халқы иесіз иттерді жоюға тыйым салатын заңды қайта қарауды талап етіп отыр

Ақтөбеде бұралқы иттер үй құстарын қырып тастады
фото: sputnik.kz

Ақтөбеде бұралқы иттер ауладағы төрт-түлік пен құсқа шаба бастады. Облыс орталығы маңындағы Ақжар-1 ауылында бір үйдің 20-ға жуық қазы мен тауығын қырып кеткен,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңғыбас иттердің даусын естіп таңғы алты жарымда далаға шыққан Салиха Күзенова жер сипап қалдым дейді. Ауласындағы алты қазы мен күркетауықтарын және тауықты балапандарымен бірге жайратыпты. Иесіз мақұлықтар адам баласы көрінгеннен кейін қаша жөнелген. Қаздарының өлексесі әр жерде шашылып жатыр. Ауыл халқы иесіз иттерді жоюға тыйым салатын заңды қайта қарауды талап етіп отыр.

«Не шара қолдануға болады? Бұл деген масқара ғой, неше адамды талап жатыр. Бір күні адамға шауып, адамды да өлтіру керек қой, адамды да өлтіріп тастар мына ит», - дейді Ақжар-1 ауылының тұрғыны Салиха Күзенова.

 Облыстық ветеринария басқармасы көшеде топ-тобымен өріп жүрген бұралқы иттерді заң жүзінде жоюдың бір ғана жолы бар дейді. Ол үшін тұрғындар учаскелік полиция инспекторына арыздануы тиіс. Адам мен үй жануарларына қауіп төнсе ғана шара қолданылады.

 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңның 15 бабы, 4-тармағына сәйкес жануарларға немесе адамдарға қауіп төндіру, шабуылдаған жағдайлар болса ол ит заң бойынша жойылуға жатады», - деп түсіндірді облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Шахидолла Рахимов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қаңғыбас иттер