$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда сот үкімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғандарға «рақымшылық жасалған»

Бұл фактілер прокурорлық тексеріс нәтижесінде анықталды

Атырауда сот үкімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғандарға «рақымшылық жасалған»
фото: azh.kz

Атырау прокуратурасы сот үкімімен өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаларға куәлік беру фактілерін анықтады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Уәкілетті органдардың жүргізуші куәлігін беру қызметін талдау барысында сот үкімі бойынша жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру жазасын алған тұлғаларға қайтадан куәлік беру фактілері анықталды», – дейді қала прокуроры Аршат Тайтуллин.

2019-2021 жылдарға жүргізілген талдау барысында осындай 2 факті анықталды. Куәліктен айырылғандардың бірінің айтуынша, ол «делдалға» 180 мың теңге төлеген. Тағы 3 адам белгілі бір мерзімге куәлігінен айырылған соң құжатты заңды мерзімінен бұрын алу үшін ақша төлеген.

Бұдан басқа, Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасы арқылы куәліктен өмір бойы айырылған атыраулық азаматтар жүргізуші куәлігін заңсыз алу фактісі анықталды. Аталған факті бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Серіктес жаңалықтары