Көкшетауда аса ірі мөлшерде психотропты заттарды сақтаған азамат қолға түсті
Жыл басынан бері есірткімен күрес полицейлері заңсыз айналымнан 2 кг 19 грамм синтетикалық есірткі тәркілеген
«Қарасора – 2022» республикалық арнайы операциясы аясында Көкшетау қаласының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде психотропты заттарды сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«40 жастағы қала тұрғынынан көк түсті ұнтақты консистенция және ерекше иісі бар 3 түйіншек тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, алынған зат салмағы 1,5 грамнан асатын а – пирролидиналероферон немесе А – PVP психотропты зат болып шықты. Аталған синтетикалық препаратты сатып алу арнасын анықтау барысында күдікті оны салу орындарында тапқанын және оны жеке пайдалану үшін сақтағанын айтты», - деп көрсетті Ақмола облыстық Полиция департаменті.
Қазір ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (психотроптық заттарды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде полиция қызметкерлері барлық мән-жайларды анықтау үшін одан әрі тергеу іс-шараларын жүргізуде. Айыпталушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.