Алматыда тұрғын үй сертификатының мөлшері артты
Тұрғын үй сертификаттары кезекте тұрған азаматтарға бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін беріледі
Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында тұрғын үй сертификаттарының жаңа мөлшері бекітіліп, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары айқындалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды кеңейту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік сипаттағы мәселелер Алматы әкімдігі үшін басым бағыт болып табылады. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
Кезекте тұрғандар қатарынан сертификат алушылар санатына келесі азаматтар жатады:
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- көп балалы отбасылар.