$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда мектепте шыққан өртте жөндеуге дайындап қойған заттар жанып кетті

Мектептің күрделі жөндеу жұмысына бюджеттен 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген

Екібастұзда мектепте шыққан өртте жөндеуге дайындап қойған заттар жанып кетті
фото: Павлодар облыстық ТЖД

Екібастұзда мектепте шыққан өртте жөндеуге дайындап қойған заттар жанып кетті. Апат кезінде ғимаратта оқушылар болмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz- ке сілтеме жасап.

«№24 мектепте «Заманауи мектеп» жобасы аясында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Жөндеуге екі мердігер тартылған. Ғимарат пен мектеп аумағын жөндеу бойынша бір мердігер және жылу жүйелерін жөндеуге жеке мердігер тартылған», - деді облыстық білім беру басқармасының бөлім башысы Екатерина Гоман.

Мектептің күрделі жөндеу жұмысына жалпы сомасы 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Оның айтуынша, өрт бірінші қабаттағы кабинетте «Бектемір Құрылыс» ЖШС дәнекерлеу жұмысын жүргізу кезінде шыққан.

«Шығын екі мердігердің өзара келісімі арқылы өтеледі. Яғни, мердігерлер өтейді. Өйткені дәнекерлеуден шыққан ұшқын екінші мердігердің жөндеуге дайындап қойған заттарына, жаңа есік, терезелерге барып тиген», - деді Екатерина Гоман.

Еске салайық, 8 маусымда Екібастұз қаласында мектеп ғимаратында өрт шыққан. ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 9:57-де түскен. Өрт сағат 10:21-де сөндірілді. Құтқарушылар келгенге дейін пропан толтырылған бір баллон мен 40 жұмысшы эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары