$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сол сияқты мүлкін тәркілеу көзделген

Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжіліс отырысында қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Заңның 217-бабында анық жазылғандай, енді танымал тұлғалар оның ішінде әншілер мен блогерлер, вайнерлер қаржылық өнімге қатысты жарнама жариялар алдында өте мұқият болуы керек. Бұл үшін заң аясында қылмыстық жауапкершілік көзделген. Оның ішінде 2000 АЕК және 600 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу, тіпті 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бірлескен топтар үшін қылмыстық жаза 3-7 жыл аралығында болуы мүмін және мүлкін тәркілеу көзделген. Бұл өте қатаң шара деп айтар едім», - деді Мәжіліс депутаты Юрий Виссарионович Ли.

Айта кетейік, танымал вайнерлер мен әртістер жарнамалаған алаяқ ұйымдар қарапайым адамдарға 54 млрд теңге залал келтірген.

Осы іске қатысы бар деген күдікпен вайнерлер – Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов екі айға қамауға алынған болатын.

Серіктес жаңалықтары