$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да қылмыстық топ 1,4 млрд теңге банк қаржысын қолма-қол ақшаға айналдырған

Қылмыстық топ жалған шот-фактуралар беру мақсатында ұйымдасқан

СҚО-да қылмыстық топ 1,4 млрд теңге банк қаржысын қолма-қол ақшаға айналдырған
Фото: NewTimes.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті екінші деңгейлі банктердің қаражатын жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"2018-2020 жылдар аралығында Петропавл қаласының тұрғыны коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей, бақылауындағы коммерциялық компаниялар арқылы жалпы сомасы шамамен 1,4 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар беру мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырып, оны басқарғаны анықталды", - делінген департамент хабарламасында.

Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мүлкі тәркіленіп, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Серіктес жаңалықтары