$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Квазисекторды сүттен ақ, судан таза деп айта алмаймыз − депутат

Депутат Ләззат Рамазанова Қаржы мониторингі агенттігі өкіліне сауал жолдады

Квазисекторды сүттен ақ, судан таза деп айта алмаймыз − депутат
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс отырысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қатысты заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Талқылау кезінде депутат Ләззат Рамазанова Қаржы мониторингі агенттігі өкіліне сауал жолдады.

«Заң жобасында қылмыстық жолмен анықталған қаражатты заңдастыру барысында заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Іс жүзінде дәл осы норма қалай іске асады және заң аясында көзделген санкциялар тікелей кәсіпкерлік субъектілерге қатысты болып отыр. Тағы коммерциялық емес ұйымдарға арналған. Ал квазимемлекеттік сектор қайда қалды?! Өкінішке қарай, осы секторға қатысты көптеген мәселе көтерілуде. Сүттен ақ, судан таза деп айта алмаймыз. Сіздің жауабыңыз қандай болады?» - деді ол.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Сыдырбеков бұл сауалға орыс тілінде жауап беру үшін рақсат сұрады. Оның сөзінше, жеке тұлғаның сотта қаражатты заңды тұлға арқылы жымқырғаны дәлелденген болса, әкімшілік жауапкершілік көзделген.

«Квазимемлекеттік секторға келетін болсақ, олар да заңды тұлға ретінде тіркелген. Сондықтан оларға да өзгелер сияқты жауапкершілік көзделген», - деді  Сыдырбеков.

Серіктес жаңалықтары