Нұр-Сұлтанда арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Azattyq Rýhy

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтанда арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
фото: baq.kz

Нұр-Сұлтанда арнайы  ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз жүйелі негізде сыйақы алу және автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №2 қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.