$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық қордан бөлінген 290 млрд теңге атқарылмаған жұмыс үшін төленген – Есеп комитеті

Ұлттық қордан түрлі бағытқа бөлінген 2,2 трлн теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалды

Ұлттық қордан бөлінген 290 млрд теңге атқарылмаған жұмыс үшін төленген – Есеп комитеті
Фото ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың айтуынша, аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 жоба қамтылды. Сондай-ақ Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.

«Бұл үлкен жұмыстың қорытындысы бойынша 9 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталды. Мақсатсыз жұмсалған қаражат 20 жоба бойынша 290 млрд теңге. Бұл атқарылмаған жұмыс және қызмет көрсету үшін төлеген қаражат екені анықталған», - дейді Наталья Годунова

Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары