07.06.2022, 01:09
Жаңалықтар
Көкшетауда жаппай төбелес болды
Оқиға 5 маусым күні таңғы сағат 05.20 шамасында болған
фото: www.ktk.kz
Көкшетауда жаппай төбелеске қатысқан 6 адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көкшетау қаласы полицейлері бейнебақылау камераларынан ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында төбелес болып жатқанын байқап, дереу оқиға орнына жеткен.
Полицейлер төбелесіп жатқан жігіттерді ажыратып, оқиға орнынан қашып кетпек болғандарды ұстаған.
«Төбелеске қатысқандардың барлығы, яғни 34, 29, 26 және 25 жастағы алты ер адам медициналық куәландыруға жіберілді. Одан кейін әрі қарай тексеру үшін Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Қазір ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп көрсетті Ақмола облыстық Полиция департаменті.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады