Көкшетауда жоғалған 15 жастағы жасөспірім Петропавл қаласынан табылды
Жасөспірім бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп қалған

Ақмола полицейлері хабар-ошарсыз жоғалған жасөспірімді Петропавлдан тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1 маусым күні Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны 15 жастағы баласы күндіз үйден шығып, оралмағанын хабарлады. Жасөспірім үйден кетер алдында жанжал болмаған, үйден кетудің себебі отбасы мен туыстарына белгісіз болған.
Көкшетау қаласының жедел уәкілдері Көкшетау қаласының хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы тұрғынының орналасқан жерін Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан анықтады.
«Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полицейлер жасөспірімнің Солтүстік Қазақстан облысына InDriver таксиімен кетіп бара жатқанын анықтады. Тәртіп сақшылары дереу жүргізушімен радиобайланыс арқылы байланысқа шығып, кәмелетке толмаған бала үшін жауапкершілік туралы ескертті, бірақ Петропавлға келген бойда жасөспірім жүргізушінің айтуынша, байқаусызда көліктен шығып кеткен», - деп көрсетті тәртіп сақшылары.
Кәмелетке толмаған бала бірнеше күн бойы Петропавл қаласында қыдырып жүрген, ал бөтен қаладан азық-түлік сатып алу үшін телефонын сатқан. Белгілі болғандай бұл күндері жасөспірім қамыстың арасында түнеген. Оқушы үйден кету себебін түсіндіре алмады, тек кейде ата-ананың қарауынсыз жүруді қалайтынын айтты.
Қазіргі уақытта бала туыстарына табысталды.