Референдум: 200 мыңнан аса бюллетень жарамсыз деп танылды
Ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58% немесе 125 мың 859 бюллетеньді құрады
Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны – 18,66 пайыз немесе дауыс беруге қатысқандар ішінде 1 миллион 490 мың 475 адамды құрайды. Бұл туралы Орталық референдум комиссияның Төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған. Алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58% немесе 125 мың 859 бюллетеньді құрады. Дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 2,58%-ды немесе 206 мың 96 бюллетеньді құрады», - деді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, республикалық референдумның қорытындылары Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленетін болады.