$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халық өзгерісті құп көрді – Қызылорда облыстық мәслихат депутаты

Ол Қызылорда қаласындағы №206 сайлау учаскесінде дауыс бергенін айтты

Халық өзгерісті құп көрді – Қызылорда облыстық мәслихат депутаты

Референдум «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы нақты әрі батыл қадам болды деп айта аламын. Өйткені, мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін құрайтын Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер халық талқысына шығарылды, барша қазақстандықтардың ой-пікірі ескерілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен Қызылорда қаласындағы №206 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Саяси науқан біздің өңірімізде жоғары деңгейде өтті. Тіпті біздің облысымыз арнайы әзірленген келу деректері бойынша алдыңғы қатарда болды. Мен қатысқан сайлау учаскесіне тұрғындардың келуі белсенді жүрді.

Өзіңізге белгілі бұған дейін референдумға қатысуға шақыру, елге түсіндірме жасап, ақпараттандыру жұмыстары жүрді. Сол уақытта бір байқағаным халықтың өзгерістерді құп көруі, жақсы қабылдауы байқалды. Референдумда заң бұзушылықтар болған жоқ», - деді облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева.

Серіктес жаңалықтары