Павлодарда «партиялық» трамвай іске қосылды

Azattyq Rýhy

Бұл жоба партиялық жарналардан бөлінетін ай сайынғы қаражаттың 20 пайызы есебінен іске асырылды

Павлодарда «партиялық» трамвай іске қосылды

Бүгіннен бастап Павлодар көшелерімен ерекше трамвай жүре бастады. «AMANAT» партиясының брендтік түстерімен ресімделген Вагон жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, халықты партиялық бағдарламалар туралы хабардар ету үшін өзіндік платформа ретінде қызмет етеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жобаны «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» акционерлік қоғамының бастауыш ұйымы партиялық жарналардан бөлінетін ай сайынғы қаражаттың 20 пайызы есебінен іске асырды.

Рейстің алғашқы күні жергілікті депутаттар жолаушылар арасында қоғамдық қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы «партиялық» трамвайдың тиімді диалог алаңына айналатынына сенімді, онда әрбір адам күнделікті істерден алаңдамай, сұрақтар қойып, ақпарат ала алады.

«Трамвай барлық бағыт бойынша жүреді. Негізгі бағыт қала орталығында орналасқан №5 айналма жолы болады. Онда қазір ақпараттық стенд ілінген, алдағы уақытта барлық партияластар осы трамваймен жүріп, тұрғындармен тығыз байланыста кездесулер өткізетін болады», - деп атап өтті «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ тасқарма төрағасы Мүслім Махмұдов.

Сол күні облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары трамваймен қалада қатынап азаматтарды жеке қабылдады.

«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ бастауыш партия ұйымы қайтарымды қаражат аясында 20% мөлшерінде «AMANAT» партиясының жұмысы бойынша трамвайды ресімдеуді ұйымдастырды. Бұл трамвай «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында іске қосылады, сондай-ақ «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары да бар. Олардың барлығы біздің алдымызда халық қойып отырған сұраныстар мен тілектері аясында еліміздің, қоғамның әлеуметтік даму саласына бағытталған. Сонымен қатар, ең негізгі мақсат – халықпен жұмыс істеу, жылдам мәселелерді шешу екенін атап өткім келеді. Біз осындай бірнеше платформаларды құрдық. Ірі БПҰ-да мобильді қабылдау бөлмелері ашылған. Осындай қабылдау бөлмелерінің ашылуы аясында трамвай іске қосылды. Біз адамдарды қабылдаймыз, өтініштерді тіркейміз және пысықтаймыз», - деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко.

1 наурызда өткен партияның съезінде Бастауыш партия ұйымдарының бастамаларын қолдау мақсатында жергілікті жерлерде партиялық жобаларды іске асыру үшін БПҰ-ға партиялық жарналардың 20%-ын қайтару тәжірибесі енгізілген болатын. Енгізілген бастамалар БПҰ ынталандырып және оларға партия өміріне белсенді араласып, партиялық жобларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі іс-шара соның айқын көрінісі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.