24 қазанда Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Алайда Семей мен Өскеменде қар, бұрқасын және көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы -3-тен +19 градусқа дейін көтеріледі

24 қазанда Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Фото: pixabay.com

24 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде кейбір қалаларда қар жауып, жаяу бұрқасын соғуы және көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз кей жерлерде жел күшейеді. Ауа температурасы күндіз -3-тен +19 градусқа дейін көтеріліп, түнде -8 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -5...-7 градус, күндіз +2...+4 градус болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4 градус, күндіз +4...+6 градус күтіледі.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпін алады. Түнде +2...+4 градус, күндіз +13...+15 градус болады.

Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4 градус, күндіз +10...+12 градус күтіледі.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8...+10 градус, күндіз +17...+19 градус болады.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7 градус, күндіз +14...+16 градус күтіледі.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -3...-5 градус, күндіз +3...+5 градус болады.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -6...-8 градус, күндіз 0...+2 градус күтіледі.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -4...-6 градус, күндіз +4...+6 градус болады.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4 градус, күндіз +5...+7 градус күтіледі.

Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -4...-6 градус, күндіз +8...+10 градус болады.

Қызылордада құбылмалы бұлтты. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпін алады. Түнде 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус күтіледі.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -4...-6 градус, күндіз +1...+3 градус болады.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпін алады. Түнде -4...-6 градус, күндіз +5...+7 градус күтіледі.

Семейде құбылмалы бұлтты. Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз -1...-3 градус болады.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -3...-5 градус, күндіз +3...+5 градус күтіледі.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпін алады. Түнде -2...-4 градус, күндіз +8...+10 градус болады.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпін алады. Түнде 0...+2 градус, күндіз +13...+15 градус күтіледі.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3 градус, күндіз +11...+13 градус болады.

Өскеменде құбылмалы бұлтты. Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -4...-6 градус, күндіз -1...-3 градус болады.