Шет мемлекеттерде 5 мыңнан аса қазақстандық дауыс берді
Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдерде дауыс беру аяқталды
Қазақстандықтар үшін 52 мемлекетте референдумға қатысу мүмкіндігі жасалды. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Роман Василенко осылай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өзге елде жүрген азаматтар үшін – 52 мемлекетте 65 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Барлық комиссия мүшелері алдын ала қашықтан дайындалды. Бас-аяғы 5 мың 100 адам дауыс берді», – деді Роман Василенко.
Оның айтуынша, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдерде дауыс беру аяқталды. Вашингтон, Ұлыбритания, Оттава Бразилия елдерінде сайлаудың басталғанына екі сағат болыпты. Қазақстан тарапы 272 бақылаушыны, 10 халықаралық ұйымды, 13 шетелдік бақылаушы мекемені, сондай-ақ 41 шетелдік бақылаушыны тіркеуден өткізген. Референдуның өтуін 215 шетелдік БАҚ та бақылапты.