$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықаралық бақылаушылар: Алматыда дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр

Халықаралық бақылаушылар: Алматыда дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Халықаралық бақылаушылар Алматыда дауыс берудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ленинград облысының сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Лебединский мегаполистің сайлау учаскелері азаматтарды қабылдауға толық дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол барлық учаскеге пандус қойылғанына назар аударды.

«Ұйымдастыру жұмыстары, дауыс беру барысы – бәрі айтарлықтай жоғары деңгейде өтіп жатыр. Сайлау учаскелерінің дизайны, жабдықталуы жағынан ешқандай заңбұзушылықты анықтағанымыз жоқ, азаматтардың белсенділігі де жоғары. Біз ашылған сәттен бері сайлау учаскелерінде болдық. Дауыс беру ерте басталса да, халық жиналды», - деп атап өтті Ленинград облысының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Лира Бурак.

Серіктес жаңалықтары