$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада референдумға көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қатысты

Олар маңызды іс-шарада өз еркімен азаматтық таңдауын жасады

Елордада референдумға көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында референдумға көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

№42 тіркеу учаскесіне арнайы өтініш берген Гүлсім Ахметжанова – І топ мүгедегі. Еліміздегі маңызды іс-шарада өз еркімен азаматтық таңдауын жасады.

«Осы уақытқа дейін көп жыл дәрігер болып жұмыс істедім. Қазір денсаулығым мәз емес. Бірақ референдум күні 5 маусым деп белгіленгенде жолдасыма өтініш жазуды тапсырдым. Себебі дауыс беруден қалыс қалғым келмеді. Осылайша, үйдің қасындағы №42 учаске комиссиясы арқылы дауыс беріп отырмын», - деді ол.

2019 жылдан бері ауырып, көру қабілеті нашарлаған Бифатима Бауыржанова да өз таңдауын жасағанына қуанып отыр.

«Бұрын мұғалім болып қызмет еттім. Бүгінгі іс-шара халық үшін маңызды. Сол үшін арнайы комиссияға өтініш жаздық. Дауыс бергеніме қуаныштымын. Елімізде тыныштық болғай!» - деді ол.

Серіктес жаңалықтары