$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы директорына іздеу жарияланды

Іздеудегі адам туралы ақпарат берген адамға сыйақы тағайындалған

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы директорына іздеу жарияланды
Фото ашық дереккөзден

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Қаржылық мониторинг агенттігі 31.01.1976 жылы туған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат И.Серді бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Іздеудегі Ибулла Жұмағұлұлын көрген немесе ол туралы басқа да ақпарат белгілі болған жағдайда агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат берген кісіге ақшалай сыйақы белгіленді, анонимдікке кепілдік беріледі.

Серіктес жаңалықтары