$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда діни бірлестіктер өкілдеріне жалпы республикалық референдумның мақсаттары туралы айтылды

5 маусым күні Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтеді

Нұр-Сұлтанда діни бірлестіктер өкілдеріне жалпы республикалық референдумның мақсаттары туралы айтылды

Нұр-Сұлтан қаласында діни бірлестіктердің өкілдері бас қосып, алдағы референдумды талқылады. Кездесу тақырыбы – «Республикалық референдум-2022: Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулер», деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.        

Қатысушыларға Конституцияға енгізілген түзетулер түсіндіріліп, алдағы жалпы республикалық референдумның мақсаттары туралы айтылды.         

Іс-шараға Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Индира Әубәкірова, қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов және қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қатысты.         

Кездесу барысында діни бірлестіктердің өкілдері референдумға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.       

Серіктес жаңалықтары