$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жауын-шашын тоқтайды: 2 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның тек кей өңірінде жаңбыр жауып, дауыл соғады

Жауын-шашын тоқтайды: 2 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: rus.lsm.lv

Синоптиктер 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР территориясының басым бөлігіне Солтүстік антициклоны әсер ете бастайды – жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр мен найзағай, бұршақ, дауыл сақталады. Республика бойынша желдің күшейюі, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік аудандарда түнде және таңертең тұман түсіп, батыста, солтүстік-батыста топырақ бетінде үсік жүреді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл болыа, оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында жел күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының батысы, таулы, тау бөктерлі аудандарында дауыл соғып, жел күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы, Қызылорда облысының солтүстігі, орталығы, күндіз Қарағанды облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Павлодар облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында бұршақ, дауыл болып, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында жел күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ жауып, күндіз солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда ​​облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары