Демалыс аймақтарында дәретхана болғанымен, талапқа сай емес – Д.Абаев

Azattyq Rýhy

Туристік орындардағы дәретхана мәселесін жеке бизнесті тарту арқылы шешу керек

Демалыс аймақтарында дәретхана болғанымен, талапқа сай емес – Д.Абаев
Фото ашық дереккөзден

Ішкі туризмнің ақсап тұруын мәдениет министрі тыстағы әжетхананың жағдайымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Демалыс аймақтарында дәретхана болғанымен, талап атаулығы сай емес дейді Дәурен Абаев. Өйткені су жоқ.  

«Әкімдіктер дәретхана салады. Бірақ мұнда бір мәселе бар. Мысалы, Қайыңдыға көп туристер келеді. Дәретханалар салынған, бірақ ол жұмыс істемейді. Өйткені оны толық жабдықтау жүйесіне қосу, су тарту өте қымбат. Енді біз әкімдіктермен және бизнеспен бірлесіп, осы инфрақұрылымды дамытудың басқа амалын іздестіріп жатырмыз», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Министр туристік орындардағы дәретхана мәселесін жеке бизнесті тарту арқылы шешу керек деп есептейді. Себебі, туроператорлар да әр кездесу сайын дәретхана жетіспеушілігі мәселесін көтереді екен. Демалыс орындары бір бөлек, оған барар жолда да дәретхана жоқтың қасы. Ақылы жолдардың бойында салғаны адам көргісіз. Бұның бәрі ұсақ көрінгенімен, курортты аймақтарды дамытуда кедергі келтіріп отырған негізгі түйткілдердің бірі.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.