Жаздың алғашқы күнінде елімізде ауа райы қандай болады

Azattyq Rýhy

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Жаздың алғашқы күнінде елімізде ауа райы қандай болады
© pixabay.com

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 1 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Еліміздің басым бөлігіне Сібір циклоны әсер ететіндіктен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, найзағай, дауыл, бұршақ болады. Республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.  Республика бойынша жел күшейеді», - делінгенр «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, таңертең және күндіз солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз шығысында екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, облыстың шығысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың шығысында жел 17-22, екпіні 27 м/с күшейеді.

Қостанай ​​облысының шығысында түнде найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с жел күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, ойнап дауыл соғып, найзағай кезінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.