ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Еліміздің 10 облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының автожолдары жабылды

Қар құрсауынан 6388 адам құтқарылды, оның 598-і – бала

28 қаңтар күнгі кешкі сағат 21.00 шамасындағы жағдай бойынша 10 облыс пен Нұр-Сұлтан қаласының 106 учаскесіндегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы жол қозғалысы барлық көлік құралы үшін жабық тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Орталықтың арнайы хабарламасында Қазіргі таңда Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстыры автожолдарының 8 учаскесінде жүк және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалыс шектелгені айтылған.

«Қар құрсауынан 6388 адам құтқарылды. Оның 598-і – бала. 2807 техника бірлігі шығарылды. Апаттық құтқару жұмыстарына барлығы 821 адам және 425 техника бірлігі жұмылдырылдды. Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстарындағы 69 жылыту бөлімлеріне 1023 адам, оның ішінде 120 бала орналастырылды», – деді ІІМ ТЖК Республикалық жедел штаб басшысының орынбасары Нұржан Жақатаев.

Айта кетерлігі, жедел желілер телефондарына 28 қаңтар күні 140 қоңырау келіп түскен. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.