Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Си Цзиньпин ДДСҰ-ға коронавирусты жеңеміз деп уәде берді

ДДСҰ Қытайға барлық қажетті көмекті беруге дайын екенін айтты

Фото: Ju Peng/XinHua/Global Look Press

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайға арнайы келген Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Интерфакс» агенттігінің жазуынша, қытайлық көшбасшы Пекиннің 2019-nCoV коронавирусының таралуын тоқтата алатынына сенетінін айтқан.

Өз кезегінде, ДДСҰ басшысы вирус геномы салдарларының жылдам анықталуына және оның жылдам тарап кетпеуіне қатысты қабылданған шараларға жоғары баға берді.

Гебрейесус сондай-ақ, ДДСҰ-ның Қытайға барлық қажетті көмекті беруге дайын екенін атап өтті.  

Айта кетсек, қазіргі таңда Қытайда короновирустан көз жұмған адамдардың саны 106-ға жеткен. Инфекцияны 30 провинцияда 4515 адам жұқтырған. Әлемнің 15 елінде 80 науқас тіркелген.