$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда такси жүргізушімен жанжалдасқан тұрғынға айыппұл салынды

Ер адам қызмет ақысын төлеуден бас тартып, шу шығарған

Павлодарда такси жүргізушімен жанжалдасқан тұрғынға айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда такси жүргізушімен жанжалдасқан тұрғынға айыппұл салынды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы дау төлемге байланысты туындаған. Ер адам алдын ала келісілген қызмет ақысын төлеуден бас тартып, жүргізушіге айқайлап, шу шығарған. Бұл шудан кейін такси жүргізуші полицияға хабарласқан.

"Полиция қызметкерлері тіл тигізгені үшін жолаушыны ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, яғни айыппұл салынды", – делінген хабарламада.

Полицейлердің ақпараты бойынша 2022 жылы Павлодар өңірінің 470-ке жуық тұрғыны заңды елемей, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған.

 

Серіктес жаңалықтары