$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шиелідегі мектеп директоры мен мұғалімдер арасындағы жанжалдың видеосы тарады

Видеоға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірді

Шиелідегі мектеп директоры мен мұғалімдер арасындағы жанжалдың видеосы тарады
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Шиелі ауданының мектебінде директор мен мұғалімдер арасында орын алған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада аудандық мектеп директоры мұғалімдерді сынап, олардың мектепке қалай келгендерін еске салған.

Бұл видеоға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірді.

"Аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасымен бірге мәселені қарастырып жатыр. Тиісті зерделеу жүргізіліп, мәселе анықталған соң басшы мен тиісті қызметкерлер іс-әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады", - делінген хабарламада.

Видео авторы Ардақ Қазақбайқызы директордың осы орында 10 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқанын жазған.

"Бұл сұмдық тиран директорға 10 жылдан бері төзіп келе жатқан мұғалімдерге медаль тағу керек шығар", - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары