$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда жастар арасындағы төбелесті тоқтатуға тырысқан полицейлердің видеосы тарады

Жастардың бір-біріне қатысты шағымы мен арыздары жоқ

Ақтауда жастар арасындағы төбелесті тоқтатуға тырысқан полицейлердің видеосы тарады
Бейнеден кадр

Ақтауда жастар арасында жаппай төбелес орын алды. Желіде бір топ жасты полицейлердің ажыратып жатқан сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төбелес "Монако" дәмханасына қарама-қарсы Самал ықшам ауданындағы теңіз жағалауында орын алған. Жастар арасында өзара дүрдараздық туындап, оның арты төбелеске ұласқан.

25 мамырда сағат 23:10 шамасында полиция оқиға орнына келіп, төбелестің ауыр зардаптарының алдын алды.

«Бұл аумақта күшейтілген режимде қызмет атқарып жүрген жауапты полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, төбелестің алдын алу үшін бірден шара қабылдады. Жастардың бір-біріне қатысты шағымы мен арыздары жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме өткізілді», - деп мәлім етті Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары