Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, 5-еуі қайтыс болды
Екі адамға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр
Павлодар облысында 7 адам белгісіз заттан уланып, 5 адам қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-і үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 1 пациент аурухананың қабылдау бөлімінде тағы бір зардап шегуші реанимацияда жан тапсырды. Қазіргі уақытта 1 пациенттің жағдайы ауыр және 1 азамат қалалық №3 ауруханаға ауыстырылды. Ауруханадағы пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған азаматтар белгісіз заттан уланған.