28.05.2022, 17:12
Жаңалықтар
Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті
Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті. Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Желаев-Орал өткелінің 126-шақырымында болды. Ер адам оқиға орнында сол бойда көз жұмды.
«28 мамыр күні аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады