$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда тұрғындар арық жүйесінің зардабын тартып отыр

20 отбасының үйі нөсерден соң көлкіген суға батқан

Алматыда тұрғындар арық жүйесінің зардабын тартып отыр
Фото ашық дереккөзден

Алматыда арық жүйесінің дұрыс салынбауының зардабын тұрғындар тартып отыр. Әр жауған жаңбыр сайын үй ішіне белшеден келген су дүние-мүлкі малмандай қылып, ауласы батпаққа батады екен,деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Жұрттың айтуынша, бұл жағдайдың қайталанып келе жатқанына осымен тоғыз жылға таяпты. Оған дейін Есентай өзеніне ағатын жауын суы, арық жүйесін өзгерткелі аулаға жиналатын болған. Ал әкімдік арықтарды жөндеу кезінде жіберген қателіктерін мойындамай, өтінішімізді қараусыз қалдырып жатыр дейді тұрғындар.

Алмалы ауданы тұрғындарының жауын суымен алысып келе жатқанына осымен тоғызыншы жыл. Айтуларынша, жоғарыдан аққан су үй іргетасынан асып, босаға мен терезеден баспанаға ның кіреді екен. Салдарынан жыл сайын үйіне жөндеу жүргізіп, техникасын жаңарту қажет дейді. Үйі нөсерден соң көлкіген суға батқан 20 отбасы осылай жалғаса берсе, ылғалдан баспанамыз қирап қала ма деп алаңдаулы.

Тұрғындардың сөзінше, үйлерді су басудың себебі: осыдан тоғыз жыл бұрын салынған жаңа құбыр жүйесінде. Жауын суы ағатын арықтарды ауыстырған соң бұрын Есентай өзеніне құйылатын ағын су енді арнасын аулаларға бұрған.

Тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрасақ та, олар шешімін табуға асықпайды дейді. Ал шенеуніктердің айтуынша, аталған ауданның арықтарын өзгерту жобасы жоспарланып қойған. Мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінсе, келесі жылы мәселені шешеміз деп сендірді.

 «Бізде қала бойынша қазір 102 учаске бар су басатын. Олардың бәрінің тізімі жасалған. Сол тізімде Мұқанов көшесі Абай көшесінен Райымбек көшесіне дейін толық қосылған. Біз оның бәрін жасаймыз толықтай. Біз қазіргі таңда мәслихатқа бюждеттік тапсырма беріп қойдық. Ол кісілер қарастыруда. Ақша бөлінген жағдайда биыл басталады. 2023-тің аяғы не 2024 жылға дейін бітеміз», - деді Алматы қаласы  Жасыл экономика басқармасының бөлім басшысы Мұрат Жексембаев.

Жауапты бөлімнің басшысы “қателік кімнен кеткенін дөп басып айта алмаймын” деп қысқа қайырды. Алдағы екі жылда арығы жаңарып, үйі тазаратын тұрғындар әзірге әкімдік берген құм толтырылған қапшықтармен  бөгет жасап қойғаннан басқа амалы жоқ.

 

 

Серіктес жаңалықтары