СҚО полицейлері 24 жастағы жігітті іздестіріп жатыр

Azattyq Rýhy

Жігітті іздеуге еріктілер мен жанашыр жандар да қосылды

СҚО полицейлері 24 жастағы жігітті іздестіріп жатыр
СҚО ПД

СҚО полицейлері 24 жасағы жігітті іздестіріп жатыр. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

25 мамырда Айыртау ауданының полиция бөліміне 24 жастағы Зарва Анатолий Николаевич 15 мамырда таңертең Саумалкөл аудан орталығындағы үйінен кетіп, оралмағаны туралы арыз түсті. Жігітті полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен жанашыр адамдар іздестіріп жатыр.

Анатолий Зарваның белгілері: бойы 190-192 см, денесі мығым, шашы қоңыр, қысқа. Киімі: қара көк күртеше, қара жасыл футболка, көк джинс, қара кроссовка.

"Анатолий туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар мына телефон нөмірлері бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (715)-33-2-18-06, 8 (715)-33-2-17-50, 8(775) 448-75-83 немесе 102 арнаға", - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.