$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2020, 09:24
Жаңалықтар

ДДСҰ коронавирустың таралу қаупін «жоғары» деп бағалады

Аталған аурудан көз жұмғандар саны 100 адамнан асты

ДДСҰ коронавирустың таралу қаупін «жоғары» деп бағалады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда тараған жаңа коронавирустың жұғу қаупін «орташа» деңгейден «жоғары» деңгейге алмастырды деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін ДДСҰ аталған вирус тек Қытайдың өзінде аса қауіпті, аймақта қауіпті, ал, халықаралық деңгейде оның таралу мүмкіндігі төмен деп бағалаған еді. «Біз оған дұрыс баға бермедік, қазір қатені түзедік», - делінген ДДСҰ-ның ресми хабарламасында.

Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын белгісіз вирус жайында 2019 жылдың 31 желтоқсанында ескерткен. Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында пайда болған коронавирусқа 2019-nCoV деген атау берілді.

Ауруды жұқтырғандар саны 4,5 мың адамнан асты. Вирус Қытайдан бөлек Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзияда тіркелді.

Серіктес жаңалықтары