28.01.2020, 09:47
Жаңалықтар
Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 106 адамға жетті
Қайтыс болғандардың 100-і Хубэй провинциясының тұрғындары
Қытайда тараған жаңа коронавирусты жұқтырған адамдар саны 4515-ке жетті. Олардың 106-сы қайтыс болған деп хабарлайды ҚХР Денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі мемлекеттік комитеті.
Бір тәулік бұрын ауруды жұқтырғандар саны – 2744, қайтыс болғандар саны 80 адам болатын. Яғни, 24 сағат ішінде вирус жұқтырған 1771 адам тіркелсе, тағы 26 адам көз жұмған (24 – Хубэй провинциясында, 1 – Пекинде, тағы бірі Хайнань провинциясында).
Қытай билігінің мәліметінше, вирусты жұқтырған 976 адамның жағдайы ауыр. 60 адам ауруханадан шығарылған. Тағы 7 мыңға жуық адамда ауру қаупі бар деген күдікпен оқшауланған. Ал, вирус жұқтырғандармен қатынаста болған 44 132 адам дәрігерлер бақылауында.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды