$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2020, 09:13
Жаңалықтар

Түркістанда терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды

Күдіктінің үйін тінту барысында 8 діни кітап табылған

Түркістанда терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері салафиттік идеологияны насихаттап, жиһадтық ұстанымды қолдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«1964 жылы туған Түркістан облысы Келес ауданының тумасы аудан аумағы мен әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған. Жергілікті имамдарды тыңдамай, қарсылық білдірген. Радикалды өзбек уағызшысы Абдуали қоридің идеологиясын қолдаған. Күдіктінің үйін тінту барысында 8 діни кітап табылды. Олардың барлығы Абдуали қоридің кітаптары.

Ұсталған азамат ҚК 256-бабы 2-тармағы бойынша, яғни терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру бойынша айыпталып отыр. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады», - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары