$ 512.34  582.07  6.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құлсарыда қоғамдық көлік жүргізушілері ереуілге шықты

Олар жалақыны көтеруді талап етіп отыр

Құлсарыда қоғамдық көлік жүргізушілері ереуілге шықты
фото: azh.kz

Бүгін Атырау облысының Құлсары қаласында халықты қоғамдық көлікпен қамтушы «БатысТехИнвест» ЖШС жұмысшылары еңбекақының төмендігіне наразылық білдіріп, жұмысқа шықпай қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мыңдаған адам автобуссыз қалып, жаяу-жалпылап, өз бетімен жұмысқа әзер жетті. Ереуілшілердің басты талабы жалақыларын көтеру.

«Автобустардың болмауынан таңертең балабақша, мектепке уақытында жете алмай, қиналып қалдық. Жұмысыма да кешігіп жеттім. Таксилер болса, бағаны көтеріп жіберді. Маршруттық автобустарға не болған? Айналғанда қарапайым халық зардап шегіп жатыр», - дейді Құлсары тұрғындарының бірі.

Құлсары қаласының әкімі Ернар Исмағұлов ереуілшілер өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

 «БатысТехИнвест» ЖШС-де 150 адам жұмыс істейді, оның 75-і жүргізуші (14 күндік жалақысы 140 мың теңге) және 75-і кондуктор (еңбекақысы 90 мың теңге). Жұмысшылар жалақыны 50 пайызға көтеруді талап етіп отыр. ЖШС басшылығы қазіргі уақытта бұл талаптарды орындай алмайтынын хабарлады. Осыған байланысты қала әкімдігі қосымша субсидиялар туралы мәселені шешуде, есептеулер жүргізіледі. ЖШС қызметкерлері басшылық жалақыны көтеру туралы шешім қабылдаған бойда жұмысқа шығатындарын айтты», деп көрсетті аудан әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары