$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда пигодиге телефон жасырып, тергеу изоляторына кіргізбек болған ер адам анықталды

Сонымен қатар тағамның ішінен SIM-карта табылды

Талдықорғанда пигодиге телефон жасырып, тергеу изоляторына кіргізбек болған ер адам анықталды
фото: Polisia.kz

Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына ер адам телефоны мен SIM-картасы бар пигодилерді өткізуге тырысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 тергеу изоляторына қамауға алынғандарға әкелген сәлем-сауқаттарды тексеру кезінде тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді. Үйде дайындалған пигоди ішінен Nokia телефоны мен SIM-карта табылды.

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша материал жасалып, ер адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Талдықорған қалалық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі негізінде ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды», – деп атап өтті мекеме бастығы Арнай Әбдірахманов.

Серіктес жаңалықтары