Димаштың малайзиялық жанкүйерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Фан-клуб мүшелері онкологиялық аурумен күресетін балаларға гуманитарлық көмек жинаған

Димаштың малайзиялық Dears фан-клубы «Penang General Hospital» ауруханасында онкологиялық аурулармен күресетін балаларға гуманитарлық көмек жинады. Бұл туралы Azattyq Rýhy dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайырымдылық акцияны «Dimash Malaysian Dears» фан-клубы Малайзияның солтүстік аймағындағы балалар онкологиясының қауымдастығымен бірге Джорджаут қаласында Димаштың туған күніне орай ұйымдастырды.
Фан-клубтың әкімшісі Азуа Али Орындаушының басқа да малайзиялық жанкүйерлерімен бірлесіп, Мазна Таиба қауымдастығының президенті және ҚР Малайзиядағы Елшілігінің өкілі Бексұлтан Әбдіжәлилдің қатысуымен аурухана басшылығына жеке 7 қорап гигиена заттарын, 35 қорап сүт, түрлі ойыншықтар, қолдан жасалған бұйымдар, Димаштың суреті бар фан-клубтың белгішелері 35 пакет және 50 дана шоколад пирогы табыс етілді.
«Димаш – барлық адам бір-біріне қамқор болатын, әлемді біртұтас көруді армандайтын аса құрметті қазақстандық әртіс. Оның әндеріндегі үндеулер көптеген адамдардың жүректеріне әсер етіп оларды игі істерге шабыттандырады. Димаш балаларды жақсы көреді, қолдайды, өйткені олар – біздің болашағымыз. Оның туған күніне орай біз және жанкүйерлері, қатерлі ісік ауруымен ауыратын балаларға қолдау көрсетіп, оларға сыйлықтар жіберіп, махаббат пен бақытты сәт сыйлауды ұйғардық. Мұндай қиын емдеу кезінде бұл олардың көңіл-күйін көтеріп, жүздеріне күлкі әкеледі. Олар мықты кішкентай жауынгерлер және біз оларға тезірек сауығып кетуді тілейміз», – деді Азуа Али.
Келесі күні Dears 30 балаға арналған аниматорлармен керемет қойылым ұйымдастырды, олардың арасында емделгендер мен қатерлі ісікпен күресетіндер де болды. Іс-шараға қауымдастықтың еріктілері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Бірлескен торт кесу рәсімінен кейін балаларға көптеген ойыншықтар таратылды.
Елшілік өкілі Димаштың фан-клубына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, фан-клубқа және балаларға Қазақстанмен байланысты естелік сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде Димаш осындай маңызды қайырымдылық акцияларын өткізгені үшін барлық Dears-қа үлкен алғысын білдірді:
«Мен өзімнің Dears-тің барлық игі істері туралы естігенде, қатты қуанамын. Мен адамдардың ең қиын сәттерде бір-біріне қолдау көрсетіп, қамқорлық жасайтынына өте қуаныштымын. Балалардың күлкісі – бұл жарқын өмір, сондықтан біз оны әрдайым жарқын ету үшін бәрін жасауымыз керек».