21.05.2022, 03:20
Жаңалықтар
Елімізде электр энергиясы қымбаттайды
Энергияны арзан бағамен пайдалану саланың дамуына кері әсер етеді
Фото ашық дереккөзден
Елімізде электр энергиясы қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің елдегі электр энергиясына сараланған тарифтерді жою туралы ұсынысына қатысты есептеу әлі жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Министрдің пікірінше, энергияны арзан бағамен пайдалануға деген ұмтылыс саланың дамуына кері әсер етуі мүмкін. Әрі үнемдеуге де мүмкіндік бермейді. Сондықтан министр көмекке мұқтаж топты қорғап, қалғанын нарық бағасына көшіру ойын жеткізді.
Еске сала кетейік, наурыз айының ортасында мәжілісте электр энергиясына сараланған тарифті алып тастау ұсынылған болатын.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
06.11.2026, 08:22
Ауылдағы жанжал атысқа ұласты: Жамбыл облысында екі адам жараланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды