$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда қант бағасы 1300 теңгеге жетті

Кей дүкендерде қант мүлдем жоқ

Қарағандыда қант бағасы 1300 теңгеге жетті
Фото ашық дереккөзден

Ең қымбат қант – Қарағандыда, 1 келісі – 1300 теңге тұрады. Ал кей дүкендерде мүлдем қант жоқ.  Бұл туралы жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Қадағалаушы органға тұрғындар қант  таппай жүргендерін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сауда нүктелері мен жергілікті дүкендерді тексеруге кірісті.

«Бағаларға мониторинг жасаймыз, қоғамдық тамақтану орындары дүкендер қантты негізсіз қымбаттатып жіберді. Бағасы көрсетілген, бірақ қант жоқ сөрелер тұр. Тіпті 900 ден 1300 теңгеге дейін көтерілген», - деді Қарағанды облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаенті «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Малика Күсенбаева.

 «Облысқа ай басынан бастап 400 тонна қант өнімі келген болатын және коммерциялық қоймаларда 334 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де СПК тұрақтандыру қорында 465 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де тауарлық интервенция жүргізілуде», - деді Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Жұлдыз Құсайын.

 Қарағанды вокзалының маңындағы жұрт ең көп келетін әлеуметтік павильонның сатушылары күніне 8 қап қант сататындарын айтады. Супермаркеттер желісінің көбінде шекер біткен. Ал кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, өнім  өңірде жеткілікті.  Жоқшылықты кәсіпкерлер қолдан жасап отыр дейді.    

Серіктес жаңалықтары