Маңғыстауда есінен ауысты деген сарбаз астанаға жеткізіледі

Azattyq Rýhy

19 жастағы Талғат Айтмұханов әскери ауруханаға пойызбен жеткізіледі

Маңғыстауда есінен ауысты деген сарбаз астанаға жеткізіледі
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстауда есінен ауысты деген сарбаздың денсаулығын енді елордалық дәрігерлер тексереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Хабар24" сайтына сілтеме жасап.

19 жастағы Талғат Айтмұханов әскери ауруханаға пойызбен жеткізіледі. Бұл туралы ата-анасы хабарлады.

Оқи отырыңыз: Ақтауда төрт күн бұрын әскерге сау аттанған сарбаз есінен адасып кеткен

Айта кетейік, әскери борышын өтеуге барған жігіт 3 күннен кейін өзін біртүрлі мінез-құлықтарымен көрсете бастаған. Жауынгердің денсаулығына алаңдаған бөлімше басшылығы дереу Ақтауға жібереді. Облыстық ауруханада  оған МРТ және мидың КТ тексеруі жасалады. Алайда мамандар ауытқушылық анықтамаған. Қазіргі таңда сарбаздың жағдайы бойынша әскери полиция тексеру жүргізіп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.