$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзбекстанда ШЫҰ-ға мүше елдер әріптестікті күшейту үшін меморандумға қол қойды

Өзбекстанда 8,4 мың мәдени мұра нысаны бар

Өзбекстанда ШЫҰ-ға мүше елдер әріптестікті күшейту үшін меморандумға қол қойды

Ташкентте «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» туристік форумының екінші күні басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықаралық туризм, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, сондай-ақ туризм және мәдени мұра саласы бойынша ғылыми-техникалық әріптестіктің аясын кеңейтудің мәселелері сөз болған форумның екінші күні ШЫҰ-ға мүше елдер арасында Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қоюмен жалғасуда.

Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов ШЫҰ-ға мүше елдердің бір бірін қолдауда мүмкіндігі зор екенін атап өткен болатын.

«ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушылар мен серіктестіктердің мәдени мұрасының жалпы саны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының 207 нысанын құрайды. Олардың туризмді дамытуда айрықша маңызы бар және ғасырлар бойы әлемнің әр түкпірінен туристерді тартып отырады. Сол себепті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туристік қоғамдастығымен әріптестік байланысты, туристік өнімді ілгерілетуді, имидждік қолдауды және туристік ресурстарды қорғауды күшейте түсу қажет, сондай-ақ бар күшімізді ШЫҰ-ның ішкі туризмін дамытуға жұмсауымыз керек.

Өзбекстан ежелден бүкіл дүние жүзі саяхатшыларының назарын аударып, тартымды да қызықты бағыттардың бірі ретінде шетелдік басылымдардың мойындауына ие болған – Ұлы Жібек жолының орталығы болып саналады. Елде 8,4 мың мәдени мұра нысаны бар. Олардың ішінде 209-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы нысандарының тізіміне енген төрт музей-қаланың құрамында. Олар Хиуа қаласындағы «Ичан Қала», «Бұхара қаласының тарихи орталығы», «Шахрисабз қаласының тарихи орталығы» және «Самарқанд – мәдениеттің қиылысы» дейді Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрі.

Серіктес жаңалықтары