20.05.2022, 12:01
Жаңалықтар
Тоқаев ҰҚК қызметін реформалау туралы жарлыққа қол қойды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңартылған құрылымы бекітілді
Фото: Ақорда
ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2022 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді.
«ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
