Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Azattyq Rýhy

Республика аумағында найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді

 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: УНІАН

Синоптиктер 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Алдағы тәулікте Қазақстан территориясына антициклон ене отырып, солтүстік-батыс циклонын елімізден ығыстырады. Соның әсерінен ҚР басым бөлігінде жаңбыр, солтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел күшейеді. Батыс, солтүстік пен орталықта түнде және таңертең тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28, солтүстік-шығыста кей уақыттарда 30 м/с жетеді, солтүстігі, батысы мен шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады.

Қостанай облысында желдің түнде батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28, шығысында 30 м/с жетеді, батысында, солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл соғады.

Қарағанды облысында желдің түнде солтүстігі мен батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28, солтүстігінде 30 м/с жетеді, түнде солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының тауларында дауыл соғып, жел күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ, дауыл болып, күндіз солтүстігі, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз жел күші 15-20, батысында екпіні 23 м/с жетеді, түнде батысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында бұршақ жауып, жел күші 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл болып, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

 Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.